Батыс Қазақстан облысы бойынша орман алқаптарында карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелектің ошақтары көбеюде. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының 2020 жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ағымдағы жылға карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелегіне қарсы жүргізілетін өңдеу жұмыстарына болжам көлемдері Бәйтерек ауданында-870,9 га, Бөрлі ауданында – 699,0 га, Теректі ауданында-120,1 га, Шыңғырлау ауданында – 265,7 га. Былтырғы жылда бұл көрсеткіш 513 га құраған болатын. Яғни, жұпсыз жібек көбелегіне қарсы өңдеу жұмыстарының жүргізілу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп отыр.

Егер зиянкестің дамуына жағдай қолайлы болса, келесі жылы зақымдану аймақтары кеңейіп, көршілес аудандарға таралуы қаупі де жоғары. Зиянкестің жаппай көбеюіне байланысты ағаштың жыл сайынғы өсуі болмайды, ағаштар құлап, орманды қоқысқа айналдырады. Ол өз алдына облыс аумағындағы орман алқаптарына экономикалық та зардап тигізіп отыр. Егер зиянкеспен күреспеген жағдайда, облысымыз ормансыз қалуы мүмкін.

Сондықтан аталған зиянкеспен тез және аяусыз күресу қажет. Жұпсыз жібек көбелегі 1000-нан астам жұмыртқа салады, бұл өз алдына келесі жылы зиянкестің мың есе көбею қаупін жоғарылатады. Сол себепті аталған зиянкеспен күресу жұмыстары жүйелі түрде атқарылу қажет.

Бүгінгі күнге дейін, аудан аумағындағы жұпсыз жібек көбегінің таралу ошақтарында өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу, атап айтқанда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқамалар берілді және олардың орындалуы бақылануда. Алайда қазіргі таңда өңдеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Жұпсыз жібек көбелегінің орман алқаптарында көбеюін алдын алу үшін химиялық өңдеу жұмыстары уақытылы жасалынуы қажет.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы
Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75, тел.:51-25-40