Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы 7 наурыз күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымының ер азаматтары әйелдер қауымын шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі «8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Инспекцияда көп жылдар бойы еңбек еткен ардақты аналарға, ауыл шаруашылық ардагерлеріне «Ауыл шаруашылығы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан «Құрметті ардагер» төсбелгісі табысталып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиевтың атынан «Алғыс хатпен», «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы Ғ.Сахиповтың атынан облысымыздың өркендеу жолындағы нәтижелі еңбегі үшін және қоғамдық өмірге белсене араласқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

 ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында 2019 жылғы 21 ақпан күні  инспекция басшысының міндетін атқарушы С. Бадеевтың төрағалығымен «Өсімдіктер карантині саласында Сыбайлас жемқорлық  және  құқық бұзушылықтарға жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларының сақталуы» тақырыбында жиналыс өтті.

Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 11 ақпандағы №344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сай фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар беруге мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Корсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге уәкілетті органның берген фитосанитариялық сертификат және Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

2019 жылғы 21 ақпан күні Сырым ауданында өткен Нұр Отан партиясының 20 жылдығына арналған партия мүшелері арасында аудандық «Нұр Отан» партия кубогінде «Ең үздік қақпашы» болып, ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының бас-маман өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Т.С.Габбасов танылды.

Біздің еліміз басқа да көптеген мемлекеттер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қабылданған және осы мәселе бойынша халықаралық конвенцияға мүше болған алғашқы ТМД елдерінің қатарында.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру-құқықтық  қамтамасыз ету бөлімінің басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Т.Темиралиев және инспекцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Курмашев облысымыздың Ақжайық ауданында ресми іссапармен болып,  ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Нысанбаев және жауапты қызметкерлер,  «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.