Жаңалықтар

Ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiн өңдіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар: 

Көктем мезгілі келгелі жылдағы үрдіс бойынша сенбілік шаралары ұдайы жүргізілуде. Осындай шаралар нәтижесінде аудан орталығының көшелері мен маңайы, Өлеңті өзенінің жағасы, полигон айналасы тазаланып, 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері мен аса қауіпті зиянды организмдер және карантиндік нысандарды анықтау, олармен күрес әдістемелері жөнінде түсінік жұмыстары ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлері тарапынан Ақжайық ауданы, Чапаев ауылдық округінде орналасқан «Ким» шаруа қожалығының көшетханасында жүргізілді.

Өсімдіктер  карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері. Карантиндiк  және фитосанитариялық сертификат беру мемлекеттік  көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына» сәйкес көрсетеді.

Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман мен ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау мақсатында өсімдік карантині саласы бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Аталған бағыттағы іс-шаралар  ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың себілетін және отырғызылатын материалына, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), сондай-ақ карантиндік объектілерді жұқтырушы болуы мүмкін басқа өсімдік тектес кез келген өнімге қолданылады.

Бүгін, 2019 жылғы 19 сәуір күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында