Жаңалықтар

ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақала аудандық аумақтық инспекция ұжымы қоршаған ортаны таза ұстап, ластанудан қорғауға бағытталған сенбілікке жұмыла қатысып, белсенділіктерін көрсетті. Өткен апта көшелерді, саябақтарды абаттандыру жүргізілсе, бұл жолы Полигон аумағы тазаланды.

Татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні жылдағы дәстүр бойынша Н.Назарбаев даңғылы бойымен облысымыздағы мекемелер, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар қызметкерлері салтанатты шерумен жүріп өтті.

2019 жылғы 30 сәуір күні ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Л.Р.Хайретдиновтың төрағалық етуімен «1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні»  мерекесімен құттықтау жиналысы өткізілді.

«1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай, ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері Қадыр Мырза Әлінің мемориалдық мұражайына және Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына ұжым болып барып қайтты.

2019 жылғы жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік филиалында ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметкерлерімен 2019 жылғы 24 сәуір күні  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік және ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарилық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Сырым аудандық филиалдарының  мамандарымен бірлесіп, «Карантидік нысандарды анықтау және олармен күрес жүргізу әдістері» туралы ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне агро оқу өткізілді.

2017 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің астық нарығын тұрақтандыру бойынша өткізілген кеңестің №01-8/1 хаттамасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевтың Ресей аумағынан заңсыз астық кіргізілуіне жол бермеу мақсатындағы кеңестің хаттамасына орай, ұйымдастырылған мобильдік топтардың жұмыстары бойынша «Тасқала» мобильдік тобы 2019 жылдың 23 сәуірінде Тасқала автобекетінде Ресей Федерациясынан карантиндік өнімдерді заңсыз кіргізбеу жөнінде рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Көктемнің келуімен аудан аумағын көгалдандыру мақсатында әкелінген көшет қатары да арта түсті.