Жаңалықтар

2019 жылдың 23 маусымында еліміздің мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың кәсіби мерекесі өтті. Осыған орай мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметтегі тұлғалар туралы қысқаша түсінік жазып өтейін.   

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында 2019 жылы 18 маусымда «Ашық есік» күні өткізілген болатын. Қатысқандар: ауыл шаруашылық тауар өңдірушілері, "Желаев АӨК" АҚ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері.

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы ұжымы Тулбаев Мухаммед-Гариф атындағы мешітінде (Қызыл мешіт) ораза ұстаушы жамағатқа ауыз ашар берді. Мешіттің бас имамы Қажымұқанға алғысымызды білдіреміз. Рамазан айы мүбәрәк болсын, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция  ұжымы мекеменің рухани жаңғыру бағытында жасақталған жоспар бойынша 9 мамыр жеңіс күніне орай 2019 жылдың 8 мамыр күні М.Мәметованың  мұражайына барып ұлы отан соғысының батыр қызы Мәншук Мәметованың өмірі мен сол соғыстағы ерлігі туралы көп деген мәліметтер алып, ұжым жақсы әсерде қайтты.