Жаңалықтар

Өсімдіктер карантині - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим. Карантинді объект - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп.

Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеті Қазақстан Республикасының аумағын карантиндi аурулар мен зиянкестер, арамшөптердің таралуынан қорғау және өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу болып табылады.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар – карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі.

Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында елімізге әкелініп жатқан карантинге жатқызылған өнімдердің (өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар) барлығы карантиндік жете тексеруден өтеді.

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық, Қазақстан Республикасының ішінде карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Карантиндi объектiлер табылған карантинге жатқызылған өнiм қайтаруға, карантиндiк арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады.

Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік сертификатсыз облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру, экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатынсыз, карантинге жатқызылған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары өнім партиясын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және де карантинге жатқызылған әкелінетін өнiмдi межелі пунктiнде қайталап карантиндік жете тексеру үшін ұсынбау түрінде жасалған бұзушылық жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақбаян ДЖУЛАМАНОВА

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының

өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

2020 жылдың 23 маусым күні мемлекеттік қызметшілер кәсіби мейрам күніне орай ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы З.Машаев ұжымды кәсіби мейраммен құттықтау үшін жаңа цифрлік технологияларды пайдалану арқылы қашықтықтан жиналыс ұйымдастырды. Сонымен қатар Инспекцияға жаңадан тағайындалған ҚР АШМ АӨК МИК БҚО аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Сайфуллин Азамат Кенжебайұлы және ҚР АШМ АӨК МИК Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Сағындықов Ақылбек Максимұлы мемлекеттік қызметшілерден ант қабылдау рәсімі өткізілді. Тағайындалған жас әріптестерімізге еңбектерінде табыс және сәттілік тілейміз.