Жаңалықтар

19 наурыз күні ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесінде ардагерлермен кездесу өтті. Наурыз мерекесі баршаңызға бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Пандемия кезінде де ауыл шаруашылығы саласында да қауіпсіздікті күшейту қажеттілігі туындап отыр. Шет мемлекеттерден тасымалданатын өнімдер арқылы елге түрлі паразиттік індеттер енуде. Салдарынан диқандардың еңбегі еш кетуі мүмкін. Мемлекеттік шекаралардағы фитосанитариялық бекеттердің бұл бағыттағы жұмысы қай деңгейде? Бұл мәселені арнамыздың түсірілім тобы анықтап қайтты.

Чапаев ауылы аумағында қауын, қарбыз және өзге де жеміс-жидектер сататын жабайы сауда орындарында өнімдерін өткізумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға түсінік жұмыстары жүргізіліп, ақпараттык жадынамалар таратылды.