Жаңалықтар

“Антикор орталығы" мен ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Л.Р. Хайретдиновтың қатысумен тікелей эфир өткен болатын.

Тікелей эфирдың мақсаты - негізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны ала отырып, жалпы азаматтық қоғамның, мемлекеттік қызметшілердің,халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын арттыру және де оған қарсы сана сезім мен мәдениетті қалыптастыру.Аталмыш шарада маңызды сұрақтарға жауаптар алынып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Мемлекеттік қызметшілер үшін Әдеп кодексі қабылданған болатын. Бұл кодексте этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеп және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез- құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген. 

Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолдануы тиіс, ал қоғам мемлекеттік қызметшіні өз күш-жігерін, білімін  және атқарып отырған кәсіби қызметіндегі тәжірибесін сала отырып, құмарлықпен және адал өз Отанына – Қазақстан Республикасына қызмет ететіндігіне сенуі қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптары:

-жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына негізделген мемлекеттік қызметтің әдеп нормалаларының негізі мен қағидаларын  сақтауға;

- мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қаупін тудыруға қарсы іс-қимыл жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге;

- егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға;

-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен көзделген міндеттерді атқаруға, тыйым салған және шектерді сақтауға;

-  мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасамауға;

-мүдделер қақтығысын болғызбауға және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға;

-егер мүдделер қақтығысы болған жағдайда лауазымдық міндеттерін орындамауға;

-қызметтік функцияны атқаруға қатысты тиімді, нәтижелі, ашықтық тәсілдерді іздеуге және пайдалануға;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;

-өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктері шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпеуге;

-қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып өзіне және отбасы мүшелеріне игіліктер және артықшылықтар алмауға;

-лауазымдық міндеттерін пайдакүнемдік және өзге де жеке мүдделері үшін пайдаланбауға;

-пара немесе параға жақын құқық бұзушылыққа жататын құқық бұзушылықтарды жасамауға;

-қызметте жалпы қамқорлық немесе қызмет бабында кетушілікке жол бермеуге;

-мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар бермеуге;

-шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетпеуге;

-қызметтік тәртіпті сақтауға, басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін уақытылы орындауға;

-қызметтік ақпаратты жарияламауға, оның ішінде әдеуметтік желілер арқылы;

-Қазақстанда тұратын барлық ұлттың салт-дәстүрлерін, ғұрыптарын және тілдерін құрметтеуге;

- өз өкілеттігін атқара отырып жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін жеке мүддесі үшін пайдаланбауға;

-әріптестерімен және азаматтармен іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;

- қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын сақтауға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге;

-әріптестеріне өз діни көзқарасын ашық көрсетпеуге, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге;

-сырт келбеті іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленуге;

-сыбайлас жемқорлық көріністерін жасады деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға;

- көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарын сақтауға;

-мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікір-сайысты сыпайы нысанда жүргізуі тиіс.

Қорытындылай келе, қызметтік әдеп нормаларын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқық бұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ тәртіптік шара қолдануға алып келеді. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқын қадағалап, сын болмайтындай этика талаптарын қызметте де жұмыстан тыс уақытта да сақтау керек.

 

Кадрлық ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы және Әдеп жөніндегі уәкіл:

Т.Темиралиев

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.

Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.

23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні. Күнтізбеден орын алған айтулы күнді атап өту мекемеміз үшін дәстүрге айналған.

Мерекеге орай мемлекеттік лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Сонымен қатар, кәсіби мерекеде барша қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, сала мамандарына Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевтың, БҚО АИ басшысы Лавр Рашидұлы Хайретдиновтың, “Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы - Ғарапша Әділұлы Сахиповтың алғыс хаттары табысталды.

Барша мемлекеттік қызметшілерді инспекция атынан құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыға бақ-береке, еңбегіңізге табыс тілейміз!

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Мемлекеттік қызметшілер мерекелеріне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Қызмет Істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастырған "Үздік жас мемлекеттік қызметші" конкурсы өз мәресіне жетті. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артылып, тың міндеттер жүктелуде. Мұндай байқаулардың берері мол. Басты мақсат- мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірбиелерін тарату, үздік мемлекеттік қызметшіні анықтау. Осы аталмыш байқауда біздің әріптесіміз Орал ҚАИ басшысы Бисен Ермек Өтегенұлы жеңімпаз атанды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, еңбекте табыс, биік шыңдар және отбасы амандығын тілейміз!!!

Батыс Қазақстан облысы бойынша орман алқаптарында карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелектің ошақтары көбеюде. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының 2020 жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша ағымдағы жылға карантиндік зиянкес жұпсыз жібек көбелегіне қарсы жүргізілетін өңдеу жұмыстарына болжам көлемдері Бәйтерек ауданында-870,9 га, Бөрлі ауданында – 699,0 га, Теректі ауданында-120,1 га, Шыңғырлау ауданында – 265,7 га. Былтырғы жылда бұл көрсеткіш 513 га құраған болатын. Яғни, жұпсыз жібек көбелегіне қарсы өңдеу жұмыстарының жүргізілу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп отыр.

Егер зиянкестің дамуына жағдай қолайлы болса, келесі жылы зақымдану аймақтары кеңейіп, көршілес аудандарға таралуы қаупі де жоғары. Зиянкестің жаппай көбеюіне байланысты ағаштың жыл сайынғы өсуі болмайды, ағаштар құлап, орманды қоқысқа айналдырады. Ол өз алдына облыс аумағындағы орман алқаптарына экономикалық та зардап тигізіп отыр. Егер зиянкеспен күреспеген жағдайда, облысымыз ормансыз қалуы мүмкін.

Сондықтан аталған зиянкеспен тез және аяусыз күресу қажет. Жұпсыз жібек көбелегі 1000-нан астам жұмыртқа салады, бұл өз алдына келесі жылы зиянкестің мың есе көбею қаупін жоғарылатады. Сол себепті аталған зиянкеспен күресу жұмыстары жүйелі түрде атқарылу қажет.

Бүгінгі күнге дейін, аудан аумағындағы жұпсыз жібек көбегінің таралу ошақтарында өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу, атап айтқанда химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқамалар берілді және олардың орындалуы бақылануда. Алайда қазіргі таңда өңдеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеуде. Жұпсыз жібек көбелегінің орман алқаптарында көбеюін алдын алу үшін химиялық өңдеу жұмыстары уақытылы жасалынуы қажет.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы
Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75, тел.:51-25-40

19 мамыр аралығында аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар, науқандық жұмыстарына әзірлігі, тағы басқа іс-шаралар туралы штаб отырыстары Шыңғырлау және Теректі аудандарында аудан әкімінің төрағалығымен өткізілді.

Отырысқа қатысқандар ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, облыстық штаб төрағасының орынбасары Хайретдинов Лавр Рашидұлы, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» РММ Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы, штаб мүшесі Алдабергенов Алтай Қапанұлы, аудандық штаб мүшелері, ауылдық округ әкімдері.

рисунок рисунок рисунок

Ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында, Орал қаласы аумағында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып “Көшет” акциясы жүргізілуде. Акция аясында карантинге жатқызылған өнімдерді өсіру және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың қатаң сақталынуы туралы түсіндіріліп, ескертілді. Аталған Көшет акциясы алдағы уақыттарда да тұрақты түрде жалғасын табады.

рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок рисунок