Асыл тұқымдық өнiмдi (материалды) тану

Өнiм (материал) егер:
1) республикалық палата берген асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесі және асыл тұқымдық куәлігі немесе асыл тұқымды малдың жеке карточкасы болған;
2) ұрық асыл тұқымдық орталықтарда асыл тұқымды тұқымдық малдан алынған және өңделген және асыл тұқымдық куәлiгi болған;
3) эмбрион асыл тұқымды малдан алынған және асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) аурудан амандығы және бактериялар қонбағандығы туралы ветеринариялық сертификаты болған жағдайларда, асыл тұқымдық деп танылады.

Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықаралық нормаларға сәйкес болған кезде, импортталған асыл тұқымдық өнiм (материал) асыл тұқымды деп танылады. Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану

Асыл тұқымды малдың ұрықтары мен эмбриондары, егер:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерде алынған;
2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген асыл тұқымды малдан алынған;
3) өздерін бірдейлендiруге мүмкіндік беретін жеке таңбасы болған;
4) асыл тұқымдық куәлiктерi болған жағдайларда пайдаланылады.

Жеке таңбасы жоқ ұрықтар мен эмбриондарды өткізуге жол берілмейді. Өз төлінен өсіру үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бонитирлеуден (бағалаудан) өткен тұқымдық малды өз төлінен өсіру үшін ғана пайдаланылады. Асыл тұқымды малдар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі. Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Бонитирлеу (бағалау)

Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдар уәкілетті орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бонитирлеуге (бағалауға) жатады. Бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды асыл тұқымдық мақсаттарда өткізуге жол берілмейді. Бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді. Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау

Тұқымды өз төлінен өсіру үшін іріктелген асыл тұқымды тұқымдық мал тексеруге және бағалауға жатады. Асыл тұқымды тұқымдық малды тексеру және бағалау уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі. Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 21-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен