Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтi заңды тұлғаларды құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаларға тиiсiнше, егер Қазақстан Республикасы заңдарынан немесе құқықтық қатынастың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы Заңның асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн реттейтiн ережелерi қолданылады.       Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша деректердi есепке алуды жүргiзедi және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына есептiлiктi табыс етеді. Асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалар оларды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркейді.

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.12.14 № 269, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң түрлерi

Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге:
1) асыл тұқымдық орталықтар;
2) дистрибьютерлiк орталықтар;
3) бонитерлер (сыныптаушылар);
4) техник-ұрықтандырушылар;
5) эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар;
6) республикалық палаталар жатады.

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Асыл тұқымды мал зауыттары қызметiнiң негiзгi бағыттары

Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнің негiзгi бағыттары

Ескерту. 26-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Асыл тұқымдық орталықтар қызметiнiң негiзгi бағыттары:
1) асыл тұқымды тұқымдық малдың малдың ұрығын алу, жинақтау, сақтау және оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен асыл тұқымды тұқымдық малдың асыл тұқымдық құндылығын айқындау;
3) бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрықтарын өткізу;
4) эмбриондарды алу, сатып алу, сақтау және өткізу;
5) ұрық пен эмбриондарды пайдалану нәтижелерiн есепке алу, олар туралы деректер банкiн жүргiзу;
6) тектiк қормен алмасуды жүзеге асыру болып табылады.
7) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05. № 62-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары

Дистрибьютерлік орталықтар қызметінің негізгі бағыттары бағаланған асыл тұқымды тұқымдық малдың ұрығын алу, сақтау және өткізу, оларды селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорында тіркеу болып табылады. Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бағалаушылар (сыныптаушылар), техник-ұрықтандырушылар және эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары
Бағалаушылар (сыныптаушылар) қызметiнiң негiзгi бағыттары малға бонитирлеу (бағалау) жүргізу болып табылады. Техник-ұрықтандырушы қызметiнiң негiзгi бағыттары ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру болып табылады. Эмбриондарды телу (ауыстырып салу) жөніндегі мамандар қызметiнiң негiзгi бағыттары асыл тұқымды малдың эмбриондарын алу және телу (ауыстырып салу) болып табылады. Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.11.2015 № 424-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Асыл тұқымдық репродукторлар қызметiнiң негiзгi бағыттары

Ескерту. 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.12.14 № 269 Заңымен; алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Республикалық палата


Республикалық палата асыл тұқымды малдарды өсiрудi және (немесе) өсімін молайтуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн iске асыру және қорғау үшiн құрылатын және жұмыс істейтін, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыратын ұйым болып табылады. Республикалық палата заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен әдiлет органдарында тiркеледi. Республикалық палата облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында өзінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы. Республикалық палатаның қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен және палатаның алқалы органы қабылдаған жарғымен реттеледi. Қазақстан Республикасының аумағында ірi қара малдың әр тұқымы бойынша ірі қара малдың тиісті тұқымы жөніндегі бiр республикалық палата құрылады және жұмыс істейді.


Қазақстан Республикасының аумағында қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және құс шаруашылығы республикалық палаталары қойлардың, жылқылардың және құстардың әр өнімділік бағыты бойынша біреуден құрылады. Қазақстан Республикасының аумағында түйе шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, ешкі шаруашылығы, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы), қоян шаруашылығы, аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы республикалық палаталары ауыл шаруашылығы малының әр түрі бойынша біреуден құрылады. Асыл тұқымды малдардың бір тұқымын немесе қойлардың, жылқылардың және құстардың өнімділік бағыттары бойынша өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жеке республикалық палатаны құру жұмыс істеп тұрған республикалық палатаны қайта ұйымдастыру немесе тарату шартымен жүзеге асырылады.

Республикалық палатаның кірісін (мүлкін) қалыптастыру көздері:
1) республикалық палата мүшелерінен жарналардың түсуі;
2) асыл тұқымдық куәліктерді беру бойынша қызметтер көрсетуден алынған кірістер (бланкінің құны);
3) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.

Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Республикалық палатаның құрылымы мен өкілеттіктері


Республикалық палатаның құрылымы селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу мен үйлестіруге бірлесіп жауап беретін алқалы органнан, республикалық палата кеңесінен және атқарушы органнан тұрады. Алқалы орган – республикалық палата мүшелерінің жиналысы, ол жоғары басқару органы болып табылады. Алқалы орган республикалық палатаны дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша шешімдерді айқындайды және қабылдайды. Республикалық палатаның жарғысына сәйкес республикалық палата кеңесін бір жыл мерзімге алқалы орган сайлайды және ол республикалық палата мүшелерінің мүдделерін білдіреді. Республикалық палата кеңесі Қазақстан Республикасының заңдарында және республикалық палатаның жарғысында белгіленген құзыретке сәйкес республикалық палата қызметіне жалпы басшылықты және оны басқаруды жүзеге асырады. Республикалық палата кеңесіне ғылыми-бейінді ұйымдардың өкілдері мен республикалық палатаның мүшелері кіреді. Республикалық палата кеңесінің төрағасы республикалық палата кеңесі мүшелерінің арасынан сайланады және оны алқалы орган бекітеді. Республикалық палата кеңесінің отырысы республикалық палата жарғысына сәйкес белгіленеді.

Республикалық палата кеңесі:
1) жұмыс регламентін айқындайды және атқарушы органның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2) республикалық палатаның бюджетін бекітеді;
3) алқалы органға тарифтік саясатқа өзгерістер енгізуді ұсынады;
4) алқалы органға атқарушы директор кандидатурасын бекітуге ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Атқарушы орган:
1) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) арқылы асыл тұқымды мал шаруашылығының таңдалған бағытына қарай асыл тұқымды мал басын есепке алуды ұйымдастырады;
2) уәкілетті орган бекіткен, малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және олардың өсімін молайту жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес асыл тұқымды малдардың, оның ішінде асыл тұқымды тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындайды;
3) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымдық куәліктер беруді (жоюды) жүзеге асырады;
4) импортталған асыл тұқымдық өнімге (материалға) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тануды жүзеге асырады;
5) бюджет қаражаттары шегінде асыл тұқымдық өнімге (материалға) субсидиялар бөлу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныс енгізеді;
6) таза асыл тұқымды малдар бойынша асыл тұқымдық кітаптарды бөлек жүргізеді және басып шығарады;
7) бонитирлеу (бағалау) туралы деректерге мониторингті жүзеге асырады және мүдделі тұлғаларға оның нәтижелері туралы хабарлайды;
8) алқалы органмен келісу бойынша тұқым стандартын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе мен асыл тұқымдық куәлік беруді – республикалық палатаға мүшелігіне қарамастан, жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші негізінде республикалық палата жүзеге асырады. Асыл тұқымдық өнімге (материалға) асыл тұқымдық зауыттар, асыл тұқымдық шаруашылықтар және асыл тұқымдық репродукторлар берген асыл тұқымдық куәліктер республикалық палата осындай асыл тұқымдық өнімге (материалға) мәртебе бергенге дейін өз күшін сақтайды. Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 27.11.2015 № 424-V  Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).