Уәкілетті органды, оның шекаралық пункттері мен шекарадағы қосындары бар аумақтық органдарын, сондай-ақ мемлекеттік карантиндік мекемелерді қаржыландыру

Ескерту. 17-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.


Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен:
1) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөнiндегi іс-шаралар;
2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару;
3) үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту орындалады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.07.2015 № 330-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.