Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру


Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 23), 24) және 26) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін болғызбау, олардың таралу ошақтарын уақтылы анықтау, оқшаулау және жою мақсатында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты карантиндік жете тексерулерді, үлгілерін іріктей отырып, оған зертханалық сараптама, ішінара бақылау зерттеп-қарауларды жүргізу, карантиндік құжаттарды қарау және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды жүзеге асыру өсімдік және азық-түлік ресурстарын қорғауға, карантинді объектілерге қарсы күреске бюджет қаражатының болжанбаған шығындарына жол бермеуге, сондай-ақ отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.


Қазақстан Республикасының аумағына карантинді объектілердің әкелінуін және таралуын болғызбау мақсатында осы Заңның 7-3-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асырады. Көлік құралдарын мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау, қарап-тексеру, әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімді қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік шаралар жүргізу адамдардың өсімдіктер карантині бойынша бақылау және қадағалау объектілеріне жатқызылған мүлкінің сақталуына бағытталған. Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

Ескерту. 11-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі. Нысанды киiм (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды. Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуіне құқығы бар.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06  N 379-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері


Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері мыналар болып табылады:
1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түрі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;
5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, өңдейтiн және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер;
6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері;
7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17  N 189-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, iшкi мемлекеттiк тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртiбi

Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантин шаралары туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi. Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс. Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге фитосанитариялық бақылау бекеттері және Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері арқылы ғана рұқсат етіледі. Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.


Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі. Егер басқа мемлекеттердің карантиндік шаралары Қазақстан Республикасында қолданылатын фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, олар танылады. Импорттық және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағына:  
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарынсыз карантинге жатқызылған өнімді;
2) карантиндік объектілер мен бөтен түрлер жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді; 
3) топырақты, тамыр жайған өсімдіктерді топырағымен қоса; 
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын әкелуге тыйым салынады. 
Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге - фитосанитариялық сертификаттар болған жағдайда;  
2) Қазақстан Республикасының ішінде - карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн  уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай мәлiметтердi: 
1) карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы мен санын; 
2) импортқа шығарушы елдiң атауын және карантинге жатқызылған өнiм баратын мекен-жайды; 
3) экспортталатын карантинге жатқызылған өнiмге арналған шартта көрсетiлген импорттаушы елдiң өсiмдiктер карантинi жөніндегі ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын;
4) карантинге жатқызылған өнiмдi тиеп-жөнелту мерзiмi мен орнын; 
5) сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын импортқа шығарушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауын көрсетiп өтiнiм бередi.


Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар әкетiлетiн, карантинге жатқызылған өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан белгiлейдi. Қайта тиеусiз әкету кезiнде шекаралық пунктте (бекетте) тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнiмде карантиндiк объектiлердiң бар-жоғын зерттеген өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор бередi және өзiнiң жеке қолымен және белгiленген үлгiдегi мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнiмнiң әрбiр партиясына берiледi және оның карантиндiк жай-күйiн куәландыруға, жүргiзiлген залалсыздандыру, осы өнiмдi жеткiзу жөнiндегi басқа да қосымша карантиндiк талаптарды орындау туралы мәлiметтерi болуға тиiс. 

Фитосанитариялық сертификатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту ресімделеді. Карантинге жатқызылған өнiмдi облысаралық тасымалдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы беретiн карантиндiк сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады. Карантиндiк сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар  уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтiнiм бередi және карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады. Өтiнiмде карантинге жатқызылған өнiмнiң атауы, баратын пунктi және пайдалану мақсаты көрсетiледi. Карантинге жатқызылған өнiмдi жүретiн жолында немесе баратын пунктiнде басқа мекенжайға жіберу уәкілетті органның өз аумағында осы операциялар жүзеге асырылатын аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының карантиндi аймағынан әкетiлетiн карантинге жатқызылған өнiмдi жүру жолында басқа мекен-жайға жiберуге тыйым салынады.

Әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм оның баратын пунктiнде қайтадан карантиндiк тексеруге жатады. Карантинге жататын өнiмдi және көлiк құралдарын тексеру мен залалсыздандыру, зертханалық сараптама, карантин құжаттарын беру олардың иелерi қаражатының есебiнен, Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасына сәйкес және онда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiм, карантинге жатқызылған өнiм тасымалданатын көлiк өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік қадағалауға және қажет болғанда фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндiк тексеруге, сондай-ақ тиiстi актiлер ресiмделе отырып, карантинге жатқызылған өнім баратын жерде карантиндiк тексеруге жатады.

 
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының бар-жоғын анықтайды, көлiкті, карантинге жатқызылған өнiмді сыртқы қарап тексеруді жүргiзедi, өсiмдiктер зиянкестерiн, ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.


Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнiмдi мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу үшін көрсетуден бас тартқан жағдайда, бұл өнім оның иесiнiң қаражаты есебiнен экспорттаушы елге қайтарылуға жатады, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін, Қазақстан Республикасының шекара органдарын және мемлекеттік кіріс органдарын бұл жөнінде хабардар етедi. Карантиндi объектiлер табылған карантинге жатқызылған өнiм қайтаруға, карантиндiк арамшөптерден залалсыздандыруға, тазартуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелерi төлейдi.

Карантиндi объектiлермен залалданған, ғылыми немесе өзге де құндылығы бар себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерi өтiнiш жасаған кезде уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылған кезде себу материалдары мен отырғызылатын материалдар олардың иелерiне қайтарылады. Карантинге жатқызылған өнiмдi алып қоюды (оның iшiнде, почталық жөнелтiлiмдерден, қол жүгiнен және багаждан) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады, ол туралы алып қою актiсi жасалады.

Карантинге жатқызылған өнім карантиндік жете тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады және оның иесіне карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін береді. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өніммен жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) оның иесі мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау және міндетті карантиндік жете тексеру жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша жүргізеді.

Фитосанитариялық қадағалау бекеттерінде карантиндiк тексеруден өткiзiлген әкелiнетiн карантинге жатқызылған өнiмдер, сондай-ақ көлiк құралдары карантинге жатқызылған өнiм жеткiзiлетiн соңғы пунктте карантиндiк тексеруге жатады. Карантинге жатқызылған өнімнің баратын пунктінде карантинге жатқызылған өнімдерді және көлік құралдарын тексеруді, талдау мен сараптама жасау үшiн үлгiлердi iрiктеп алуды кейiннен зиянкестердiң түрлiк құрамын, өсiмдiк аурулары мен арамшөптердi анықтау үшiн сараптама жүргiзе отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелерi бойынша осы өнiмдердi пайдаланудың шарттары туралы жазбасы бар тексеру актiсi жасалады.Карантиндiк объектiлермен залалданған көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер, залалсыздандыру көзделген өнiмдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының ұйғарымы бойынша карантиндiк тұрғыдан ықтимал қаупi бар көлiк құралдары мен карантинге жатқызылған өнiмдер залалсыздандыруға жатады.


Карантинге жатқызылған өнімнің иелерi карантиндiк қарап тексерудің нәтижелерi бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарымен көзделген карантинге жатқызылған өнiмдердi залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негiзiнде жүргiзедi. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнiмнен карантиндiк объектiлер анықталған кезде Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде фумигациялық камераларда, штабельдерде, кемелер мен баржалардың трюмдерінде, вагондарда, контейнерлерде және көлiктiң басқа да түрлерiнде залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргiзiледi.

Карантинге жатқызылған импорттық өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының карантиндi аймақтарынан өнiмдi тасымалдаудан кейiн көлiк құралдарының барлық түрлерi өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспектор белгiлеген жерлерде өнiм қалдықтары жойыла отырып, мiндеттi тазартуға, ал қажет болған жағдайда - фумигациялануға жатады. Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.03 N 463, 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (12.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Карантиндi объектiлердi анықтау тәртiбi

Карантиндi объектiлердi уақтылы анықтау, олардың таралу ошақтарының шекараларын айқындау мақсатында жер және орман алқаптары, ауыл шаруашылығы, әсемдiк, дәрiлiк және басқа да дақылдардың егiстiктерi мен көшеттерi, үйлер, ғимараттар, контейнерлер, қоймалар, өзге де объектiлер және карантинге жатқызылған өнiмдi шығарумен, өңдеумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткiзумен байланысты ұйымдардың аумақтары және карантиндi объектiлердi жұқтыру мен тарату көзi болуы мүмкiн өзге де объектiлер жүйелi түрде тексеруге жатады. Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы қамтамасыз етеді. Зерттеп-қарау нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте анықталған өсiмдiктер зиянкестері, өсiмдiк ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге жататынын айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда, өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге жататынын растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары аталған объектiлерге бақылау және қадағалау тексерулерiн жүргiзедi. Тексеру нәтижелерi карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргiзiлгенi туралы актiмен ресiмделедi. Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (12.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Карантин белгiлеу мен оны алып тастау тәртiбi

Алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. Карантиндi аймақтарда карантиндi объектiлер залалдаған карантинге жатқызылған өнiмдi әкетуге тыйым салынады немесе шектеу енгiзiледi, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылады. Карантиндi аймақтан әкетiлген залалданған өнiм қайтарылуға, тазартуға, залалсыздандырылуға немесе өңдеушi ұйымдарға берiлуге тиiс. Залалданған өнiмдi залалсыздандыру немесе өңдеу мүмкiн болмаған жағдайда, ол нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiппен  алынуға және жойылуға тиiс. Карантиндiк шектеулер және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар тiзбесi карантиндi аймақтың жеке, заңды тұлғалары мен халқына хабарланады. Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17  № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)