ҚР АШМ АӨК МИК Батыс
Қазақстан облыстық аумақтық
инспекциясы басшысының
2017 жылғы «____»_____________
№ __________ бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық
аумақтық инспекциясы

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын
біліктілік талаптары

 

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімінің басшысы
С-О-4, 1 бірлік, 02-1

 

Көрсеткіштер

Талаптар

Білімі мен мамандығы бойынша талаптары

Жоғары білім. Ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, топырақтану және агрохимия) саласы бойынша.

Қажетті құзіреттер бойынша талаптары

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптары

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес

Кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар

       Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

       «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, «Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін» білуі талаптары;

       Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Функционал-дық міндеттер

Өз құзырына сәйкес жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану. Қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сәйкес зиянкестермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, арам шөптермен күрес шараларын уақытылы өткізуді ұйымдастыру, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы бөлімі мамандарының міндеттері мен уәкілеттілігін анықтау және қаладағы, аудандардағы өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандардың қызметін үйлестіру. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Бөлім мамандарының еңбек және орындаушылық тәртібін сақтауына жалпы бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану. Заңнамаларға сәйкес басшымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.

Скачать: Батыс электрон -2