Өсімдіктер карантині саласы аясында 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, олар: «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері.

 

Карантинге жатқызылған өнімді ҚР-нан тыс жерлерге шығаруға фитосанитариялық сертификаттар, ал ҚР-ның аумағында облысаралық тасымалдау кезінде карантиндік сертификаттар болған жағдайда рұқсат етіледі. Карантинді немесе фитосанитарлық сертификатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өңірлердегі аумақтық инспекциялары карантинге жатқызылған өнімді тексеруден өткеннен кейін рәсімделеді.

 

Карантиндiк және фитосанитарлық сертификатты алу үшiн жеке және заңды тұлғалар ҚР АШМ АӨК МИК (уәкілетті орган) аумақтық бөлімшесіне өтiнiм бередi және карантиндiк жай-күйдi айқындау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторға карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалдауға фитосанитарлық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы   (немесе оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге:  осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім,жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін), импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары туралы құжаттарды ұсыну қажет. Ал бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі  электронды порталы (ЕАСУ) арқылы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім, импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге байланысты фитосанитариялық сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

 

«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі. Аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім, жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынады. Ал бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі  электронды порталы (ЕАСУ) арқылы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінім толтырылады. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Электрондық үкімет» порталы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Карантиндік сертификат көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың толық топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде рәсімделеді.

 

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында  «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығаруға фитосанитарлық сертификат беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау, тіркеу және дайын сертификаттарды қызмет алушыларға беру ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясы ғимаратының мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған орында «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

 

Өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат алу үшін төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласуға болады: Орал қаласы, Қ.Аманжолова көш, 75, байланыс телефондары: 50-62-96.   

Әр аптаның сәрсенбі күні сағ.15:00-17:00 аралығында ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының басшысы азаматтарды  жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізеді.

 

 

 

 

 

Ақбаян ДЖУЛАМАНОВА

 

ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық аумақтық инспекциясының

 

Өсімдіктер карантині  жөніндегі мемлекеттік инспекторы